Жаңалықтар тізбегі
0

Дариға Назарбаева Сенат жұмысын қорытындылады

vestikavkaza.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2019 21:35 vestikavkaza.ru
Жаңа жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру іске қосылады.

Парламент Сенатының қызметі биыл мазмұнды оқиғаларға толы болды. Көп жұмыс жасалды, деді бүгін Сенат төрағасы Дариға Назарбаева, деп хабарлайды zakon.kz.

- Соңғы 2 айдың ішінде біз Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасын, жолдауын жүзеге асыруға арналған 30 маңызды заңды қабылдадық. Ел Президенті ұсынған "Еститін мемлекет" қағидасын ұстана отырып, біз "Мәслихат" порталында сенаторлар мен жергілікті мәслихаттардың арасында тәжірибе мен пікір алмасуға арналған жұмыс алаңын құрдық. Енді біз аймақтардағы жағдайды жақсырақ түсініп, қаралып жатқан заң жобаларының өзектілігін өздерінен тікелей біле аламыз, - деді ол.

Заң шығару процесі мен бюджеттік заңнаманы жетілдіру бойынша кеңестер тиімді және тұрақты жұмыс жасау алаңына айналды.

- Ұрпақтар сабақтастығын Парламенттің жоғарғы палатасы жанындағы екі жаңа кеңестің жұмысы жалғастырады. Жақында Сенаторлар Кеңесі құрылды, Сенатта ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген құрметті әріптестеріміз енді өздерінің құнды тәжірибелерімен бөліседі. Ал жақында құрылатын Жастар кеңесі жас мемлекетіміздің болашақ жетістіктерінің дауысы болмақ, - деп қосты Сенат төрағасы.

Сонымен қатар, Дариға Назарбаева депутаттарға өз үндеуін арнады:

- 2020 жылдың басында аймақтарға іс-сапарға шығасыздар. Сіздерге қазақстандықтармен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдап, жағдайларын біліп, мүдделері мен үміттерін қолдау жүктелген. Бұл маңызды әрі жауапты миссия.

Сіздердің міндеттеріңіз - халыққа Парламент қабылдаған соңғы заңдар күшіне енгенде 1 қаңтардан бастап қандай оң өзгерістер болатынын қарапайым тілде түсіндіру. Өздеріңіз білетіндей бұл әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, кепілді әлеуметтік пакеттер мен көмектерге қатысты. Жаңа механизм тәуелділікті тоқтатып, адамдарды жұмыс істеуге ынталандырады. Жаңа жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру іске қосылады.

Сіздерге көмекші құрал ретінде осы өзгерістердің барлығын толық сипаттайтын материалдар дайындалады.

Іс-сапарлар кезінде бірнеше маңызды мәселеге аса назар аударуларыңызды сұраймын.

Бірінші. Тірек және спутниктік елді мекендер тізіміне кірмеген ауылдық елді мекендер жағдайы. Тұрғындардың өмірімен танысып, келешектерінен қаншалықты хабардар екенін білу қажет. Біз бұл мәселеде өте мұқият болуымыз керек, себебі бұл бірнеше мың елді мекендерде тұратын нақты адамдардың тағдыры.

Екінші. Ақшалай жәрдемақыдан басқа, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына кепілді әлеуметтік пакетке сәйкес: азық-түлік, киім, оқу құралдарын беру қарастырылған. Жергілікті билік оны қамтамасыз етуге қаншалықты дайын, осыны білу керек.

Үшіншісі. Ауылдағы медициналық қызметке қол жетімділік пен бұл қызметтердің сапасы. Барлық адамдар медициналық ұйымдарға тіркелгенбе, олар қайда бару керек және нақты қандай көмек көрсетіледі.

Төртінші. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары. Олар іс жүзінде қалай жұмыс істейді, жеке бюджетті басқаруға қаншалықты дайын осыны зерттеу керек. Жергілікті басқару органдарында мүмкіндігінше әйелдер санын арттыру мәселесі де маңызды міндет, - деді спикер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: