Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының ЖОО-ларында "Тергеу болашағы" клубы құрылды

Алматы облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2019 22:13 Алматы облыстық ПД
Үздік студенттер қабылданатын клуб мүшелеріне құқық қорғаушылар тәжірибелік қолдау көрсетіп, кәсіби біліктіліктерімен бөліседі.

"Алматы облысының Полиция департаменті Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен және академик Ө.Жолдасбеков атындағы құқық және экономика академиясымен өзара байланысты нығайту және серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, меморандумның негізгі мақсаты – оқу ордасындағы теориялық білімді іс-тәжірибемен ұштастыру, ынта білдірген студенттерге құқық қорғау органдарында тәжірибеден өтіп, талабын шыңдауға мүмкіндік жасау.

"Жоғары оқу орындарымен бұған дейін де өте тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасағанбыз. Тәжірибелі мамандарымыз практикалық тұрғыда үнемі ақыл-кеңестерін береді. Өйткені, біздің мақсатымыз – ортақ. Оқу орнын бітірген білімді, тәжірибелі заңгер мамандар көп жағдайда құқық қорғау органдарына келеді. Сондықтан, біз қолдан келгенше қолдау көрсетіп, еліміздің болашағы үшін ерінбей еңбек ететін патриот мамандарды дайындауға атсалысатын боламыз", - деп атап өтті облыстық ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Чарапиев.

Сондай-ақ, Меморандум аясында оқу орындарында "Тергеу болашағы" клубы құрылды. Үздік студенттер қабылданатын клуб мүшелеріне құқық қорғаушылар тәжірибелік қолдау көрсетіп, кәсіби біліктіліктерімен бөліседі. Осы клубқа мүше болған болашақ мамандарға тергеу ісінің қыр-сыры үйретіліп, тәжірибелі тергеушілердің жетекшілігімен олар қылмыстық істі тергеу жұмыстарымен танысады. Яғни, облыстық полицейлер клуб мүшелерінің қатарынан білікті тергеушілерді дайындап шығарады.

"Бүгінгі меморандум студенттерге көп мүмкіндік береді деп ойлаймын. Бүгін полицейлер құқық қорғау органдарына қабылдану тәртібін түсіндірді. "Тергеу болашағы" клубына мүше болып, кәсіби білімімді шыңдаймын. Диплом алған соң тәртіп сақшысы атанғым келеді. Бірнеше спорт түрінен жетістіктерім бар, үш тілді еркін меңгердім. Енді ел игілігі үшін қызмет етемін", - деді І.Жансүров атындағы ЖМУ студенті Маржан Сұраубекова.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің басшылығы облыстық полиция өкілдеріне арнайы жабдықталған криминалистика аудиторияларын таныстырып, одан әрі жабдықтау бойынша жоспарларымен бөлісті. Заманауи жабдықталған аудитория мен көрнекі құралдар қонақтар тарапынан жоғары бағаға ие болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: