Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес құрылды

qazaqparat.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2019 23:21 qazaqparat.kz
Жарлық 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 18 желтоқсанда "Қазақстан Республикасы Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Кеңес Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

Сондай-ақ, Жарлықта Кеңес туралы ереже және Кеңестің құрамы бекітілген.

Кеңес құрамына ҚР Ұлттық банктің төрағасы, Кеңес төрағасы; ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары немесе ҚР Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі; ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы; ҚР Қаржы министрі және Ұлттық экономика министрі кіреді.

Кеңестің негізгі мақсаты - республикамыздағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және орын алуы ықтимал жүйелі қауіп-қатер мен тәуекелдердің алдын алу немесе оның салдарын бәсеңдетуге ат салысу.

Кеңестің функциясына қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды алдын-ала қарау және оны ұсыну кіреді, соның ішінде, атап айтқанда:

- қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін төмендетуге бағытталған макропруденциалдық саясатты іске асыру жөніндегі шаралар;

- қаржылық дағдарыстың туындауының алдын алу және оның салдарын азайту жөніндегі шаралары;

- қаржы жүйесіне жүйелі қауіп төндіретін, төлем қабілеті жойылған банктерді мәжбүрлеп тарату, оның ішінде мемлекеттің қатысуы болса да;

- екінші деңгейдегі банктерді сауықтыру жөніндегі шаралар, оның ішінде ҚР Ұлттық банкі пен (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты есебінен қаржыландыру;

- қаржы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті басқа мәселелер бойынша да.

Кеңес өз қызметі аясында:

- макропруденциалдық саясат мәселелері бойынша:

жүйелік тәуекелдерді бағалау және мониторингтеу нәтижелерін, сондай-ақ олардың қарқынын бәсеңдету бойынша ұсынылған шараларды қарастырады;

макропруденциалдық саясатты іске асыру бойынша ұсыныстарды, оның ішінде пруденциалдық реттеу құралдары бойынша ұсыныстарды ұсынады;

- қаржы дағдарысының туындауын болдырмау және оның салдарын азайту жөніндегі шараларға қатысты мәселелер бойынша, мемлекеттік органдардың дағдарысқа қарсы шаралар туралы ұсыныстарын қарайды және оларды іске асыру бойынша ұсыныстар береді;

- төлем қабілет жойылған банктерді жою жөніндегі шараларға, сондай-ақ банктерді сауықтыру шараларын қаржыландыруға, ұсыныстарды қарауға және ұсыныстар беруге;

- мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіреді және Кеңес мүшелері арасында тиімді ақпарат алмасуға ықпал етеді.

Жарлық 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: