Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

"Самұрық-Қазынада" кадр тапшылығы 10%-ды құрап отыр

Қорға тамыр-таныстарсыз жұмысқа орналасуға бола ма?

Сурет : АЛ "ФНБ "Самрук-Казына"30 Желтоқсан 2019, 11:02

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорына қазір қандай мамандар қажет және онда кадрлар тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқанын zakon.кz тілшісі анықтады.

Дәл қазір Қорда 25 бос жұмыс орны бар екен, ал кадрлар тапшылығы 10%-ды құрайтын болып шықты.

- Қазір IPO жүргізу және активтерді қайта құрылымдау саласында тәжірибесі бар мамандар тапшы болып отыр. Сосын жекешелендіру бағытындағы кәсіпқой мамандар керек. Бұл саладағы қазақстандық көптеген білікті мамандар шетелден жұмыс тауып, табысты еңбек етуде. Олардың өз жұмысын ауыстырғысы жоқ. Екінші жағынан, біздің Қорда мамандарға қойылатын біліктілік талаптары да жоғары. Біз негізінен өндірістік тәжірибесі бар адамдарды іздейміз, - деді "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-ның адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Анар Мұхамеджанова.

Қор негізінен отандық кадрларды жұмысқа алуға тырысады, қазір қор басшылығында шетелдік қызметкерлер жоқ. Мұндай трендті Қорға қарасты компаниялар тобы да біртіндеп қабылдап жатыр.

Қор өз мамандарын тәрбиелеп, қызметкерлерге қор ішінде де, компаниялар тобында да кәсіби өсуіне мүмкіндік береді. Портфельдік компанияларымыздан жұмысқа қабылдаған үміткерлер саны өте көп, сондай-ақ қызметтік сатымен жоғарылау үшін қордан портфельдік компанияларға ауысатындар да жеткілікті, - деп қосты Анар Мұхамеджанова.

Айта кетсек, Samruk Qyzmet сайты қолданысқа енгізілгелі бері "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорына жұмысқа үміткерлерді іріктеу үрдісі әлдеқайда әділетті және ашық жүретін болады. Әрбір үміткер өз өтінішінің қаралуы барысын онлайн арқылы бақылап отыра алады, өз сұрақтарына сол уақытында-ақ тікелей жауап ала алады.

- Қазір жұмысқа білімі жоқ болса да біреудің туысы кіріп кетеді деген нәрсе жоқ, шын білікті маманның жұмысқа тұру мүмкіндігі тамыр-таныстардан әлдеқайда жоғары, - деп атап өтті ол.

Мәселен, қазір Samruk Qyzmet сайтында жұмыс іздеген 7 мыңнан астам үміткер тіркелген. Сайт ашылғалы бері 1200-ден астам бос жұмыс орны жарияланды. Дәл қазір мысалы, шамамен 400-дей бос жұмыс орны бар. Сайт арқылы "Самұрық-Қазынаның" компаниялар тобына кемінде 130 қызметкер жұмысқа алынды, оның ішінде басшылық қызметтер де бар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер