Төбелескен шенділердің оқиғасына қатысты тың мәлімет шықты
Telehram/ JEXEN NEWS
Бұл атышулы оқиға "Мирас" сауда орталығында орналасқан "Белые розы" мейрамханасында болған.
Алматы облысындағы мейрамханадағы шенділердің төбелесіне қатысты тың мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, бұл оқиға "Мирас" сауда орталығында орналасқан "Белые розы" мейрамханасында болған.
- Бұл жаңа жылдық кеш емес. Онда Жамбыл облысы әкімінің орынбасары сағат 00:30 шамасында келген, сол арада мейрамхананың басқа қонақтарымен арада сөзге келіп, өзара кикілжің туындаған. Әкім орынбасарынан түсініктеме хат алынды. Алда оған қатысты тәртіптік жаза қолданылады, - деді Ғалымұрат Жүкел.
Сонымен қатар, мейрамхана әкімшісі де түсініктеме хат жазған. Онда мейрамханада әкімдіктің ешқандай корпоративтік кеш өткізбегені туралы айтылады.
Айта кетсек, JEXEN NEWS Телеграмм-арнасында мейрамханада болған төбелестің видеосы жарияланды. Автор бұл Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің корпоративі екені айтылады
- Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің "корпоративі" көңілді әрі тартысты өтті. Әсіресе, ойындардың көңілді өткені сонша мейрамханадағы барлық зат "ұшты": үстелден бастап орындықтарға дейін. Бұл "массовкадағы" адамдар - Жер қатынастары және сәулет бөлімінің қызметкерлері. Басты рөлде - аудан әкімінің орынбасары, деп көрсетілген видео астындағы сарказмға толы жазбада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript