Жаңалықтар тізбегі
0

Бұл – тышқан жылы. 2020 жыл қандай болады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2019 17:21 видеодан кадр
Халқымыз Тышқан жылын береке мен ырыстың, татулық пен тыныштықтың жылы деп санаған.

Алдағы жыл жайлы болжамды алдымен есеп-қисаптан бастап көрейік. Сандар сиқырына сенсек, 2020 жылдың басты цифры - "4" болғалы тұр. "Ал нумерологияда ол - денсаулық пен шыдамдылықтың кепілі" дейді мамандар.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

2020 жылы елімізде сайлау өткізіліп, саяси өзгерістер болмақ. Елімізге танымал экстрасенстер осындай болжам жасады. Олардың сөзінше, тышқан жылында астық молайып, мал шаруашылығы дами түспек. Сондай - ақ келер жылы еліміз күтпеген жерден өзге елдермен тығыз қарым-қатынас орнатып, саясат сахнасында жаңа тұлғалар пайда болмақ. Алакөл, Балқаш және Каспий теңізін көруге келетін туристер саны артпақ.

Құралай Бақыт, нумеролог:

"Жалпы 2020 жылды "Айна жылы" деп жатырмыз. Өйткені, екі сан екі жақта қайталанады, байқайсыз ба? Бұл тағдыр жылы көп адамдар тәуекел іске барады. Мысалға, бұрын сіз жұмысыңызды ауыстыруға қорқып жүрсеңіз, осы жылы бизнес ашып, кәсіп ашқанға сіз барады екенсіз. Шешім қабылдайсыз. Не болмаса бұрын ұзақ жүріп жүрген жастар болса, қорықпай биыл шаңырағын көтеріп кетуге болады. Егер де қарым-қатынас бұрын құралып қойған болса".

Астрологтардың да пайымы осыған саяды. Аспан әлемін зерттейтін мамандар жылдың алғашқы айы ерекше болатынын айтады. Өйткені, 10 қаңтарда - ай тұтылады. Сол себепті тұрғындардың көңіл-күйіне де әсер етпей қоймайды. Сонымен қатар, Тышқан жылында түрлі жетістіктер мен өзгерістер болмақ.

Камила Дэви, астролог:

"Жалпы, 2020 жыл біздің ел үшін жемісті әрі табысты болады. Спорт, бизнес, қаржылық мәселеде жетістіктерге жетеміз. Шолпан жұлдызының ықпалына сәйкес, ақпан айы жастар үшін жақсы жаңалықтарға толы болады. Сүйіктісін іздегендер үшін жол ашылады. Ал тұрмысқа шықпағандар теңін тауып, шаңырақ көтереді".


Сенаторлар алдағы жылы қарапайым халықтың тұрмысының оңалатынын бек сенімді. Бұған маңызды әлеуметтік жобалардың қабылданып, іске асып жатқаны өз септігін тизігеді дейді. Көпбалалы аналардың жағдайы жылдағыға қарағанда жақсармақ.

Ерболат Мұқаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

"Елдің саясатында үлкен өзгерістер болады. Педагогтің статусы көтеріледі. АСП заңының қаражатымен бірге материалдық көмек беріледі. Көпбалалы аналардың жағдайы жақсарады".


Халықтың жағдайының жақсы болмағы - теңгенің тұрақтылығына да тікелей байланысты. Төл валютамыз бағамы құбылған сайын жұрттың күнкөрісі де қиындай түсетінін көріп жүрміз. Сарапшыларлың көбі алдағы 2020 жылы теңге қатты құлдырай қоймайды дейді. Ары кеткенде 1 доллар 400 теңге боулы мүмкін. Өйткені, әлемдік нарықтағы мұнай бағасы төмендемейді екен.

Сәйкесінше, халықтың да әл-ауқаты арта түспек.

Ғалымжан Керімбек, экономист:

"2020 Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, көрші мемлекеттермен терезесі тең әлеуметі зор мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас жасай алады деп айта аламын".


Халқымыз Тышқан жылын береке мен ырыстың, татулық пен тыныштықтың жылы деп санаған. Тарихқа үңілсек, мұның растығына көз жеткізе түсеміз. Шынында да Тышқан жылында қиыншылық көп болмаған, жұртымыз молшылықта өмір сүрген. Жоғарыдағы астролог пен нумерологтің болжамы, экономистің пайымы да осыған саяды. Олай болса, айтқандары келіп, 2020 жақсылық пен табысқа толы жыл болғай деп тілейміз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: