Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қытайлық пестицидке тыйым салды

Agro press, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2019 20:41 Agro press
12 желтоқсанынан бастап "Император, 20% в.к." пестицидін мерзімінен бұрын тіркеу куәлігін кері қайтарып алып, аталмыш химиялық препаратты мемлекеттік тіркеуден өткізуге тиым салынды.

Шегірткеге қарсы химиялық күрес шараларының орындалмауы қаупіне байланысты ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі "Император, 20% в.к." пестицидінің мемлекеттік тіркеуін мерзімінен бұрын тоқтатты. Енді бұл химиялық өнім Қазақстанда қолданылмайды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылы "Пестициды" ЖШС-і Қазақстан аумағына үлкен көлемде "Император 20% в.к." (имидаклоприд, 200 г/л) пестицидін кіргізген. Шегірткеге қарсы күресу үшін пайдаланылатын препараттың тіркеушісі (иесі) "Шанхай МИО Кемикал Ко., Лтд.", ҚХР болып табылады.

Республиканың оңтүстік аймақтарында "марокко" шегірткесіне қарсы химиялық күрес жүргізу кезінде "Император, 20% в.к." пестициді фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні, оның биологиялық тиімділігі төмен (30% - дан кем) екенін көрсетті.

Аталмыш химиялық өнімді алдағы уақытта пайдалану 1,054 млн. га жерде шегірткеге қарсы күрес шараларының тиімсіз болуына алып келуі мүмкін. Мұндай жағдайларда "Өсімдіктерді қорғау туралы" заңда "пестицидті" мемлекеттік тіркеу куәлігінен айыру (қайтарып алу) қарастырылған.

Осыған байланысты, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің № 333-Н бұйрығымен 2019 жылдың 12 желтоқсанынан бастап "Император, 20% в.к." пестицидін мерзімінен бұрын тіркеу куәлігін кері қайтарып алып, аталмыш химиялық препаратты мемлекеттік тіркеуден өткізуге тиым салды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: