Жаңалықтар тізбегі
0

Вице-министр Марат Нұрғожин қызметінен босатылды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2019 02:18 primeminister.kz
Ол басқа жұмысқа ауысып жатыр.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Марат Рахмалыұлы Нұрғожин басқа жұмысқа ауысуына байланысты цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марат Нұрғожин 1957 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Н.Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін тәмамдаған. Еңбек жолын 1980 жылы бастаған.

Түрлі жылдары Қарағанды политехникалық институтында, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде, "Самғау" ұлттық ғылыми-техникалық холдингі" АҚ-да, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ-да жұмыс істеді.

2016-2017 жылдары — қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

2019 жылғы сәуірден бастап қазіргі таңға дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымын атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: