Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қырғыз елінің бас имамы діндарларға Жаңа жылға қарсы үгіт-насихат жүргізуге тыйым салды

Кейбір желі қолданушылары Қырғыз елінде бұл мерекені тойлауға тыйым салынуы керек деген секілді радикалды пікірлер айта бастаған.

Сурет : ferber.ru30 Желтоқсан 2019, 10:08

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы Жаңа жыл мерекесіне қарсы арнайы пәтуа таратуға мәжбүр болды. Бұл туралы муфтиятқа сілтеме жасап, 24.kg хабарлады.

Муфтият дінтанушылар мен діни ұстаздар ұлттық заңнамамен бекітілген ресми мерекелерге қатысты қарсы үгіт-насихат жүргізбеуі керек деп атап өтті.

ҚМДБ-ның пәтуаларын (бұйрығын) орындау мүфтияттың құрамына кіретін діндарлардың барлығына жүктелген.

Құзырлы орган әлеуметтік желілерде Жаңа жылды тойлауға қатысты діндарлар тарапынан көптеп сын айтыла бастағаннан кейін арнайы пәтуа шығаруға мәжбүр болған. Кейбір желі қолданушылары Қырғыз елінде бұл мерекені тойлауға тыйым салынуы керек деген секілді радикалды пікірлер айта бастаған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер