Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ақжарқын Тұрлыбайдың авдокаттары үкімді қайта қарауды сұрамақ

Қытайда 2000 жылдан бері оннан астам шетелдік өлім жазасына кесілген.

Сурет : видеодан кадр30 Желтоқсан 2019, 11:29

Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары сот үкімін қайта қарауды сұрағалы отыр, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ақжарқынның екі адвокатының бірі Мурал Аденұлы хабарлады. Себебі ол сот қорғаушы тараптың пікірін назарға алмаған дейді.

Еске сала кетейік, Қытай соты бұған дейін қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты өмір бақи бас бостандығынан айыру туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Жақында осы елдегі консулымыз Ақжарқынмен кездесіп, оған жақындарының фотосуреттері мен ағылшынша кітаптар табыс етіп қайтты. Оның айтуынша, қандасымыздың халі бірқалыпты. Ол өзін-өзі дамытуды жалғастырып, йогамен шұғылдануды бастаған.

Жалпы Қытайда есірткімен ұсталған адамдарға жаза қатаң. Дерекке сүйенсек, бұл елде 2000 жылдан бері оннан астам шетелдік өлім жазасына кесілген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер