Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайда адам генін өзгертіп, заңсыз эксперимент жүргізген ғалым 3 жылға сотталды

cdnvideo.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2019 21:56 cdnvideo.ru
Оның үстіне 3 миллион юань айыппұл төлеуі керек.

Шэньчжэнь қаласының (Гуандун провинциясы) соты қытайлық ғалым Хе Цзянькуді үш жылға бас бостандығынан айырып, генетикалық модификацияланған эмбриондардан егіздердің дүниеге келуіне заңсыз эксперимент жүргізгені үшін 3 миллион юань (шамамен 430 мың доллар) айыппұл салды, деп хабарлайды ТАСС.

- Үш айыпталушының қылмыстық әрекетін, оның мәні мен әлеуметтік қаупін ескере отырып, Хи Цзянкуге үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, 3 миллион юань (163 миллион теңгеден астам) айыппұл салынады, - делінген үкімде.

Сондай-ақ ғалымның сыбайластары да сотталды: Чжан Жэньли екі жылға бас бостандығынан айырылды және 1 миллион юань айыппұл салынды (шамамен 143 мың доллар), ал Цинь Цзиньчжоуға екі жылға шартты түрде жаза тағайындалып, 500 мың юань айыппұл салынды (шамамен 71,6 мың доллар).

Тергеу мәліметтері бойынша, 2016 жылы Оңтүстік ғылым және технологиялар университетінің бұрынғы доценті Хе Цзяньку адам геномын өзгерту арқылы коммерциялық пайда табуды ұйғарады, сөйтіп ол Чжан Жэнльли мен Цзинь Цзиньчжоумен өзара келісімге келеді. Ғалымның сыбайластары эксперименттің моральдық-этикалық нормаларға сәйкес жасалып жатқандағы туралы жалған құжат жасаған. Сөйтіп еркегі АИТВ жұқтырған бірнеше ерлі-зайыптылар таңдап алып, оларға эксмеприменттің жалған жасалып жатқанын жасырған. Ғалымдар жасанды ұрықтандыру жолымен алынған эмбриондардың гендік түзетудің жаңа әдісін (CRISPR-Cas9) қолдану арқылы ДНҚ-ны өзгерткен.

Олардың мақсаты - нәрестелерде әкесі жұқтырған АИТВ вирусына қарсы иммунитетті қалыптастыру болған. Осы мақсатта ғалымдар ұрықтағы АИВТ-ның жасушыға енуіне мүмкіндік беретін жауапты ақуызды "кодтау" үшін жалғыз CCR5 генін "ажыратуға" тырысқан. Сонымен бірге, ғалымдар бұл эксперимент туралы жасанды ұрықтандыру операциясын жасаған дәрігерлерді құлағдар етпеген.

Іс материалдарына сәйкес, осы тәжірибенің арқасында екі әйел жүкті болып, ДНҚ өзгеріске ұшыраған үш қызды дүниеге әкелген. Әстің құпиялылығына байланысты сот жабық есік жағдайында өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: