Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын бекітті

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2019 23:15 primeminister.kz
Премьер-министр мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобалау жұмысын жеке бақылауға алуды тапсырды.

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2020 жылға арналған жоспар жобасы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР Әділет министрі М. Бекетаев баяндама жасады, ол биыл Парламентке "Педагог мәртебесі туралы", "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті, Экологиялық кодексті және тағы басқасын қоса алғанда 32 заң жобасы енгізілгенін айтты.

"2020 жылға арналған жоспар жобасына өзекті және маңызды мәселелерді шешуге, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға бағытталған 17 заң жобасы енгізілді", — деді Мамин.

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын және Жолдауын іске асыруға арналған заң жобалары қарастырылған. Жаңа заң жобалары, соның ішінде, "Ардагерлер туралы", "Өсімдіктер әлемі туралы" және әрекет етіп тұрған заңнамаға өзгерістер енгізуді көздейтін тағы да басқа бірқатар заң жобалары әзірленеді.

Премьер-министр мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобалау жұмысын жеке бақылауға алуды тапсырды.

"Жоспарлы заң жобаларын енгізу мерзімдері бұзылған жағдайда тікелей бірінші басшылардың жауапкершілігі қаралатын болады", — деп Асқар Мамин, Әділет министрлігіне Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын іске асыру кезінде жалпы бақылауды күшейтуді тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: