Жаңалықтар тізбегі
0

ЖЭО-2 модернизациялау мәселесінде экология мүддесіне басымдық беріледі - Сағынтаев

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2019 23:34 Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Басты мақсат – түтінді газдағы залалды заттардың құрамын ЕС стандарттарына дейін азайту.

Бақытжан Сағынтаев ЖЭО-2 модернизациялау бойынша "Самрұқ-Энерго" басшыларымен және қоғам өкілдерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды zakon.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматылықтар үшін ең өзекті мәселенің бірі – экологияның қазіргі жағдайы. Өйткені, залалды заттардың төрттен бірі ЖЭО-2-ден бөлінеді. Залалды заттарды азайту үшін жылу-электр орталығының қуатын газға көшіру қажет

Қазіргі кезде "ҚазЭнергоөнеркәсіптік" ҒЗИ мамандары ЖЭО бойынша "Алматының энергокешенін газдандыру. Қоршаған ортаға ең төмен залал келтіру үшін Алматының ЖЭО-2 модернизациялаудың" жобасын әзірлеуде.

Жоба бойынша жүргізілген алғашқы нәтижелер 2020 жылдың наурыз айында қолға алынады. Мұнда газға көшіру және газбен тазарту қондырғыларын орнатудан бастап жаңа станция салуға дейінгі бірнеше нұсқалар қаралады. Басты мақсат – түтінді газдағы залалды заттардың құрамын ЕС стандарттарына дейін азайту.

"Бүгінгі күні біз үшін модернизациялау моделін белгілеу маңызды, содан соң сарапшылармен және жұртшылықпен бірге барлық тараптардың көңілінен шығатын шешімді ашық диалог түрінде қабылдайтын боламыз. Мұнда біз экология мүддесіне жүгінеміз", - деп атап өтті Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Қоғамдық кеңестің мүшелері Сергей Понамарев, Бекнұр Қисықов, сонымен қатар қоғам қайраткері, кәсіби энергетик Әсет Наурызбаев өздерінің сұрақтарын қойды және ұтымды ойларын ортаға салды. Олардың ұсыныстары бойынша модернизациялау жөнінде жобалық нұсқаны тәуелсіз аудит қарауы тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: