Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

"Бүйрегімнен айырды". Желідегі Маңғыстау тұрғынының үндеуіне қатысты полиция түсінік берді

Видеода жас жігіт өзін полиция қызметкерлері кабинетке кіргізіп алып, ұрып-соққанын, соның салдарынан бүйрегі жыртылып, ауруханадан бір-ақ шыққанын айтады. Ол бүйрегінің жарамсыз болып қалғанына назалы.

Сурет : lada.kz5 Қаңтар 2020, 10:10

Маңғыстау қаласының тұрғыны полиция қызметкерлері оны бүйрегі түсіп қалғанша ұрып-соққанын айтып, желіге видеосын таратты. Видеода жас жігіт облыс әкімінен басына түскен істе араша болуды сұрайды. Облыстық полиция қызметкерлері оны ұрып-соққандарын жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz Lada.kz-ге сілтеме жасап.

Полициядан зардап шектім деген Ерасылдың видеоүндеуі желіде 31 желтоқсанда пайда болды.

Ол аймақ басшысынан өзін полиция қызметкерлерінің ұрып-соғу фактісіне қатысты жағдайды анықтауды сұрайды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Ерасыл мен Маңғыстау қаласының тағы бір тұрғыны Мұнайлы ауданындағы кіші Әмір кентінің аумағында ұсталғанын хабарлады. Ер адамдар мал ұрлады деген күдікпен ұсталған.

"Ерасылдың мал ұрлығына қатысы барлығына дәлелдер бар. Жігіттер малды ұрлағалы жатқанда қыстақтың иесі оның көлігін көріп қалған. Алдымен ол өзі оларды қуып жетіп, тоқтатпақ болған. Оған шамасы жетпеген соң достары мен учаскелік полиция қызметкеріне қоңырау шалған. Ұрылардың ізіне мал иесінің таныстары да, полиция да түсті. Жол-патрульдік қызметке мал ұрлаушылардың көлігіне қатысты бағыт-бағдар берілді. Полиция қызметкері мен үш бейбіт тұрғын күдіктілерді Басқұдық ауылы маңында ұстады. Ашуға булыққан мал иесінің достары Ерасылды бас салып, ұрып жіберген. Екінші күдікті қашып кеткен, бірақ ол да көп ұзамай қолға түсті. Содан кейін екеуі де Мұнайлы ауданының аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, полиция бөлімшесінде Ерасыл ішінің ауырып отырғанын айтып, шағымданған. Тәртіп сақшылары дәрігер шақырды, олар жас жігітті тексерген. Біраз уақыттан кейін ұсталған адам бүк түсіп жатып қалған соң оны ауруханаға жөнелткен.

- Күдіктілерді соққыға ешкім жыққан жоқ, мұны полиция учаскесіндегі камералардағы жазбалардан көруге болады. Ұрыларды ұстау кезінде Ерасылды ұрды деген мал иесінің танысына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ол оны ұрғанын мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі, яғни "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, оған "ешқайда кетпеу туралы қолхат" түріндегі алдын-алу шарасы таңдалды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер