Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ Таяу Шығысқа мыңдаған әскерін "лақтырып" жатыр

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2020 16:41 Pixabay
Бұл әскер Иранның қолбасшысы Касем Сулейманиге жасалған қастандықтан соң Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскерін күшейту үшін жіберілген.

АҚШ Форт Брэгте (Солтүстік Каролина) орналасқан 82-ші десанттық дивизияның 4 мыңнан астам әскерін Кувейтке "лақтырады", деп хабарлайды ТАСС.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұл бөлім Ирактағы Ислам Революциялық Сақшылар корпусының (әл-Кудс) арнайы күштерінің (КСИР, Иран Қарулы Күштерінің элиталық бөлімшелері) қолбасшысы Касем Сулейманиге жасалған қастандықтан соң Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскерін күшейту үшін жіберілген.

Aгенттік АҚШ-тың 82-ші десанттық дивизиясының ресми өкілі подполковник Майк Бернске сілтеме жасап, осы аптада Кувейтке 700-ге жуық әскер жіберілгенін, келесі кезекте тағы 3500 американдық десантшылар тұрғанын жеткізді. Оларды бірнеше күннен кейін "лақтырады" деп күтілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: