Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы ұшақ апатына ешкім кінәлі емес - Bek Air басшысы

BNews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2020 19:04 BNews.kz
Ұшақта мін жоқ. Тек ұшу кезінде бірдеңе болды.

12 адамның өмірін қиған Fokker 100 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты Bek Air әуекомпаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтың өз ұстанымын егжей-тегжейлі жеткізген екі сағаттық сұхбаты YouTube-те жарияланды, - деп хабарлайды BaigeNews.kz.

Жұмасұлтанов болған жағдайды тағдырдың жазғаны дегенге сенімді. Ол осыған дейін ұшақтарға да, экипажға да ешкімнің шағымы болмағанын айтады. Ұшудың алдында барлық қажетті рәсімдер жасалып, қондырғыға мұздатпайтын сұйықтық құйған, қанаттарын тазаламаған, өйткені олар онсыз да таза болды, өйткені ұшақ екі күн әуежайда тұрған, жауын-шашын болмаған.

Ол әлі де ұшуға алдында ұшқан ұшақтың қалдырған жел иірімі ізі кедергі келтірді деген нұсқаға сүйенеді.

- Ұшақта мін жоқ. Тек ұшу кезінде бірдеңе болды, ұшақ ұшу үшін жолаққа шығып, жылдамдық ала бастайды (...) Жерден 5,5 метр көтерілгенде ұшақ сол жаққа, одан соң оңға қарай бұлғақтай бастайды. Одан жерге қайта қонады, қойқалақтауы қойған соң қайтадан көкке көтеріледі, бірақ қайта шайқала бастайды, сол кезде ұшақ ұшу жолағы аяқталар тұста қайта жерге қонады. Ол ұшып кеткеннен кейін, доңғалақты жинауға бұйрық берілгендіктен екінші ұшқыш оны жинап тастаған. Сондықтан ұшақ доңғалақсыз жерге қонып, қармен сырғанай береді. Біз сырғанау кезіндегі жылдамдықтың қарқынын есептедік. Ол толық тоқтауы үшін 800 метрге дейін сырғанауы керек еді. Ана үйге келгенде ұшақ 750 метр сырғанап үлгеріпті. Сонда ар жағында 40-50 метрдей сырғанауы қалған екен. Ұшақ бетон қоршауды бұзып өтті. Әуежайларда мұндай қоршаулар әдейі тұрғызылады, онда да соқтығысу кезінде ұшақ емес, бетон бүлінуі үшін. Ал қоршау біткеннен кейін тоғыз метрден аспайтын жерде әлгі үй тұрды. Оған ұшақ сол жағымен барып соғылды. Үй қирап, қирандылар ұшақты басып қалды. Ұшақ сырғанап келе жатқанда құйрығы ұшып кеткен. Біз видеодан бәрін көрдік, ұшақтың қоршауға қандай қарқынмен келіп соғылғанын (...) Қоршауға соғылған кезде оның жылдамдығы сағатына 50-55 шақырым болған, яғни оның тоқтауына аз қалған. Ұшақ соғылып, адамдар шашылып қалды деген сөз болды. Жоқ, ондай ештеңе болған жоқ. Ұшақ үйдің бұрышына соғылғанда, оны қирандылар басып қалған. Егер соққы қатты болса, адам ағзалары мұндайға төтеп бере алмас еді. Оны адамдардың алған жарақатынан-ақ байқауға болар еді. Яғни, адамдар қирандының құлауынан зардап шекті, - дейді Жұмасұлтанов.

Ол бұл оқиғаға ешкімнің кінәлі емес екеніне сенімді.

- Жағдай солай сәйкес келіп қалды. Барлығы техникалық құжаттарда белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етті (...) Ұшақ ұшу кезінде қиын жағдайға тап болғанына қарамастан, экипаж өз міндетін жақсы атқарып, оны жеңе білді, ұшақты соңына дейін басқарды. Егер ұшақ басқарылмаған болса ол биіктен құлап, бәрі қайғылы жағдайда аяқталатын еді (...) Егер компанияны кінәлі деп тапса, онда мен жігіттерімді жазаға беріп қоймаймын. Олар үшін өзім отырамын. Менің қарамағымдағы жігіттердің ешқайсысы отырмайды, олардың орнына өзім отырамын. Біз қаза тапқан ұшқышты күсәлауға да жол бермейміз. Себебі онікі ерлік, ол соңына дейін барын салды, оны көріп отырмын. Ұшқыштың басшылары - ұшу қызметі, инженерлік қызмет, ешқайсысына да тидіртпеймін. Егер Bek Air компаниясынан біреуді жазалау керек десе, оған мен дайынмын, өз аяғыммен барамын, бірақ менен басқа ешкімге тиіспеуді сұраймын, - дейді Жұмасұлтанов.

Ол егер Қазақстанда бұдан әрі жұмыс істеуге рұқсат етілмесе, компания елден тыс жерде жұмыс іздеуге дайын екенін де айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: