Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы дүниеден озды

Қоштасу рәсімі - 6 қаңтар Алматыда, ал жерлеу рәсімі - 7 қаңтар, сейсенбіде Алматы облысы Қырғауылды ауылында өтеді.

Сурет : inform.kz5 Қаңтар 2020, 14:11

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы Күлімхан Төлендиева қайтыс болды. Бұл туралы Ұлттық музейдің баспасөз қызметі хабарлады.

Күлімхан Жүндібайқызы 2020 жылы 80-ге қараған шағында өмірден озды. Ол Алматы облысы Тұздыбастау ауылында дүниеге келген. Өмір бойы Сарытауқұм кеңшарында есепші болып жұмыс істеді. Еңбек Ері, "Күміс алқа" медалінің және ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденінің иегері.

"Қоштасу рәсімі - 6 қаңтар Алматыда, ал жерлеу рәсімі - 7 қаңтар, сейсенбіде Алматы облысы Қырғауылды ауылында, Сарытау, 1А мекенжайында өтеді", делінеді Ұлттық музейдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 1963 жылы 11 ақпанда Алматы облысы Талғар ауданындағы қазіргі Тұздыбастау ауылында дүниеге келген. 2019 жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер