Финляндия аптасына 4 күн жұмыс тәртібіне көшпек

habrastorage.org habrastorage.org
Жаңа премьер осындай ұсыныс енгізді.

Финляндияның жаңа премьер-министрі, 34 жастағы ханым Санна Марин елде аптасына 4 күндік жұмыс тәртібі мен 6 сағаттық жұмыс күні тәртібін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды lifter.com.ua.

- Төрт күндік жұмыс аптасы мен алты сағаттық жұмыс күні. Келесі қадам осындай неге болмасқа? Жұмыс күні 8 сағаттық болуы керек деген қатып қалған заң жоқ шығар? Меніңше, адамдар өз отбасымен, сүйікті жандарымен көбірек уақыт өткізіп, ол уақытты хоббиіне, немесе мәдениет сияқты өмірдегі басқа да маңызды нәрселерге арнағаны жөн болар. Бұл біздің жұмысымыз бен өміріміздегі жаңа кезең болуы мүмкін, - деген болатын Санна Марин көлік және қатынас министрі болып тұрған кезінде.

Қазір финн халқы аптасына бес күн сегіз сағаттан жұмыс істейді. Марин үкіметі құрған коалиция сынақ түрінде алты сағаттық жұмыс күнін енгізуді талап етті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз