Үш балалы әйелді аяусыз соққыға жығып, зорламақ болғандарға қатысты полиция түсінік берді

svoboda.org svoboda.org
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полициядағылар Алматыда үш балалы әйелді аяусыз соққыға жығып, зорламақ болғандарға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Осы факті бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 120-бабы, яғни "Зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның аясында тергеудің объективтілігі, жан-жақтылығы және толыққандығы қағидаттарын сақтай отырып, тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматыда үш балалы әйелді аяусыз соққыға жығып, зорламақ болғаны туралы "Не молчи KZ" қоғамдық қоры хабарлады.

- Ол ақшасын аламын деп өзі жұмыс істеген нысан басына барған. Мас жұмысшының бірі оған тиіспек болып, денесіне қолын жүгірткен. Ер адамның ағасы бұл жағдайға куә болып, әйелге көмектескеннің орнына есікті іштен бекітіп жапқан. Әйел көмекке шақырып, жан дауысымен шырқырап айғайлай бастайды, сол кезде әлгі екеу оны аяусыз соққыға жыққан. Арпалыс кезінде әйел туысына қоңырау шалып үлгерген, ол полиция шақырған.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз