Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

МӘМС қатысушылары КТ мен МРТ-ны тегін алады

Қызметтерді тарату тетігі әзірленді. Барлық жолдамалар мен тағайындауларды емханадағы отбасылық дәрігер жасайды. Диагнозды да сол қояды, қандай зерттеуге баруды да сол шешеді.

Сурет : platon.asia6 Қаңтар 2020, 13:56

Міндетті медициналық сақтандырудың (МӘМС) арқасында компьютерлік томография (КТ) және магнитті-резонансты томография (МРТ) 2020 жылдан бастап қазақстандықтар үшін тегін болды. Енді пациенттерге отбасылық дәрігерден зерттеуге жолдама алу жеткілікті болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Біз 2020 жылдан бастап КТ және МРТ қызметтері қол жетімді болады деп санаймыз. Қарағандыдағы пилоттық жоба бұл қызметтерге жеке сектордың да қызығушылық танытатынын көрсетті. Өткен жылдың аяғында бұл бағыттағы тарифтер 60%-ға көтерілді, бірақ олар бүгінгі нарықтық бағалардан төмен. Бірақ бұл көлем медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қамтамасыз етілетінін ескеру керек. Жеке клиникалар үлкен қызығушылық танытуда, - деді Жұмағұлов.

Қызметтерді тарату тетігі әзірленіп қойды. Барлық жолдамалар мен тағайындауларды емханадағы отбасылық дәрігер жасайды. Диагнозды да сол қояды, қандай зерттеуге баруды да сол шешеді. Және жалпы денсаулығыңызды бақылайды.

- Жеке сала маманын таңдау науқастың өз қалауына байланысты болады. Дәрігерді немесе ұйымды таңдай отырып, пациент олардың орналасқан жеріне қарамай-ақ қоюына болады. Дәрігер оны МӘМС шеңберіндегі медициналық қызмет көрсетушілердің тізіміне кіретін кез-келген клиникаға жібере алады. Бұл механизмдер бүгінде нақты белгіленген, - деп түсіндірді ол.

Қызмет көрсетушілердің жалпы саны 2020 жылы 2 096 медициналық ұйымды құрады, олардың 62% (1 276) жеке, 38% (793) мемлекет меншігінде. Жалпы, әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін, денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті 2020 жылы 1,6 трлн теңгені құрайды, оның ішінде 194,2 млрд теңге сомасындағы амбулаторлық-дәрілік қамсыздандыруды (АДҚ) қосқанда, медициналық көмек көлемі бір жарым есеге ұлғаяды.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмекке басымдық бере қаржыландырумен амбулаториялық-емханалық көмекті қаржыландыру көлемі 78%-ға, 740,9 млрд теңгеге дейін артады, бұл халықты профилактикалық шаралармен толық қамтиды. МӘМС-ты қаржыландырудың жалпы көлемі 20% ұлғайтылды.

Татьяна Ковалева, Нұр-Сұлтан


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер