Жаңалықтар тізбегі
0

"Қазақстан" ауылында 9 сиыр ұрлаған екі жігіт ұсталды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2020 20:45 pixabay.com
Ауыл тұрғындары өздері іздеп таба алмаған соң, жақында ғана полицияға арызданған.

Алматы облысының полицейлері Жаңа жыл қарсаңында ұрланған сиырларды тауып, иелеріне қайтарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған дерек Алакөл ауданында тіркелді. 15-16 желтоқсан күндері аудандағы "Қазақстан" ауылының екі тұрғынына тиесілі асыл тұқымды тоғыз сиыр қолды болған. Ауыл тұрғындары өздері іздеп таба алмаған соң, жақында ғана полицияға арызданған.

"Екі жігіт мал ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінді. Олардың бірі бұған дейін ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазірғі уақытта екі күдікті де ұсталып, қамаққа алынды. Ұрланған сиырлар Үшарал қаласының маңынан табылды. Қолды болған малдар жергілікті үш фермерге сатылғаны анықталып, тәркіленді және сиырлар заңды иелеріне қайтарылды", - деді Алакөл аудандық Полиция бөлімінің бастығы Қуат Оспанов.

Облыстық полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, жоғалған сиырлардың тек жетеуі ғана өз иелеріне қайтарылған, қалған екеуі сойылып, еті сатылғаны белгілі болды. Күдіктілер ауыл тұрғындарына 2 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Мал ұрлығы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілердің бұдан өзге қылмыстарға қатысы бары анықталуда.

"Өткен жылы облыс бойынша мал ұрлығының 680 дерегі ашылған. Сондай-ақ полиция қызметкерлері ұрланған 900 астам малды тауып, заңды иелеріне қайтарды ", - деп хабарлады Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: