Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысының апта бойына атқарған жұмысына видеошолу жарияланды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2020 22:41 Ақорда
Видеороликті Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында жариялады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 30 желтоқсан мен 2020 жылғы 5 қаңтар аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеороликті Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында жариялады.

30 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды мәселелер бойынша телефонмен сөйлесті.

31 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Сондай-ақ, осы күні Мемлекет басшысы Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.

1 қаңтарда Президент Қазақстан халқын Жаңа 2020 жылмен құттықтады.

2 қаңтарда Қостанай облысындағы Затобольск ауылының атауы Тобыл деп өзгертіліп, ол облыстық маңызы бар қалалар санатына жатқызылды.

4 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті Әкімшілігінің басшылығымен 2020 жылға арналған жұмыстың басым бағыттары туралы кеңес өткізді. Сондай-ақ, осы күні Президент "Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңес арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы мүшелерінің және бағалау топтарының мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы келісімді ратификациялау туралы", "ҚР Үкіметі мен Кипр Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оның Хаттамасын ратификациялау туралы", "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңдарына қол қойды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: