Жаңалықтар тізбегі
0

Қаскелеңде тұрғын үйде газ жарылып, он жастағы бала мерт болды

баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2020 21:32 баспасөз қызметі
Жеті адам жараланды.

Қаскелеңдегі көпқабатты үйде газ жарылып, 2009-шы жылы туған бала қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға түс кезінде көпқабатты үйдің бесінші қабатында орын алды.

- Газ жарылысы болды, өрт шыққан жоқ. Жеті адам жарақат алды. Жарылыс салдарынан бөлмелер арасындағы қабырғаларға зақым келді. Алматы облысының әкімі Амандық Батталов зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды. Тұрғындар уақытша басқа үйлерге көшіріліп, баспанасының қалпына келтірілуіне көмек жасалады, - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Денсаулық сақтау басқармасы жарылыс салдарынан жеті адам жараланып, 2009 жылы туған бір баланың қаза тапқанын хабарлады. Жарақат алғандардың жағдайы жіті бақылауға алынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: