Жүйкелер жұқаруда: жәрдемақы бермей, жалғызбасты ананы жылатты

видеодан кадр видеодан кадр
Заңдай солай жазылған, оқудан, не жұмыстан бас тартса - бүкіл жанұясына АСП отказ беріледі.

Жұмысқа тұрмаса, жәрдемақы берілмейді! Алматы облысына қарасты Көксу ауданының тұрғыны Толқын Дүйсеғұлова бұл талапқа наразы. Жүйке ауруына шалдыққандықтан жұмыс істей алмайтынын айтады. Ал, атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеу үшін 3-топтағы мүгедектер еңбекпен қамтылуы тиіс екен. Болмаса, жұмысқа жарамсыздығы туралы дәрігерлердің анықтамасын өткізуі қажет. Оның өзі қол-аяғы сау жандарға беріле бермейді. Осылайша, жүйкемді одан сайын тоздырып, әуре-сарсаңға түстім деп отыр.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жалғызбасты ана Толқын Дүйсеғұлова туғанынан жүйке ауруымен аурады екен. Баласы екеуіне мүгедектігіне берілетін жәрдемақы жетіспегендіктен, әлеуметтік көмек алуға бекініпті. Алайда, жұмыспен қамту орталығындағылар оған жұмысқа орналасу қажеттігін айтқан. Егер бас тартқан жағдайда, жәрдемақы төленбейтінін ескертіпті. Ал, Толқын болса, өзін еңбекке қабілетсіз екенін алға тартып отыр.

Толқын Дүйсеғұлова, Көксу ауданының тұрғыны:

"3-группа. Больницаға барсам, справка бермейді. Мында келсем, жұмысқа тұрасыз деп айтты. Жұмыс істей алмаймын. Үйде де сол, әпкелеріп қарап отыр. Біреу сөз айтса, көтере алмаймын. Сөз қайтарып жіберемін. Боқтап жіберемін".


Мұндай мәселе көпбалалы ана Гүлмира Сарлыбаеваны да әлекке салып отыр. Ол да 3-топ мүгедегі.

Гүлмира Сарлыбаева, Көксу ауданының тұрғыны:

"Сізге жұмыс тауып береміз, - дейді. Мақұл, жасайм. Жасамайм емес, жасайм деп отырмын. Ал, бірақта, мен ай сайын больницада жатамын. Ай сайын мен 10 күн больницада жатам. Потому что күнде скорый шақырамын. Мен жүрек ауыстыртуға очередте тұрған адаммын. Мен не еңкейе алмаймын. Нете алмаймын. Маған тяжесть болмайды".


Руслан Байменов, Көксу аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:

"Екеуі де трудоспособный адам негізі жаңағындай жұмыс жасайды деген. Өйткені, екеуінде де мүгедек тобы үшінші боп тұр. Заңдай солай жазылған, егер біздің тартқан шараларымыздан бас таратын болса, оқудан, не жұмыстан, онда бүкіл жанұясына АСП отказ беріледі".

Мамандардың айтуынша, мүгедектерді тығырыққа тіреген бұл мәселе министрлік тарапынан қарастырылуы тиіс екен. Сондықтан, талапты орындаулары тиіс. Ал, жәрдемақыдан үмітті жалғызбасты аналар жұмысқа шығып, жазым болсақ, отбасымызды кім асырайды, - деп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз