Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Оңтүстік Кореяда көлігімен бала қаққан қазақстандыққа сот үкімі шықты

Қазақстандықтың адвокаты Чой Хак Се үкіммен келіспейді.

Сурет : arnapress.kz10 Қаңтар 2020, 14:03

Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандық Сырым Шәрібек екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Бүгін Оңтүстік Кореяда жеті жасар баланы қағып кеткен қазақстандыққа осындай үкім шығарылды. Баланың ата-анасы сотталушыны кешірмеді. Олардың айтуынша, баланы емдеуге 60 миллионнан астам вон жұмсалған. Ол 50 мың доллардан асады. Сонымен қатар баланың әкесі мен анасы ұлына қарау үшін жұмыстарынан шығуға мәжбүр болған.

Қазақстандықтың адвокаты Чой Хак Се үкіммен келіспейді. Оның айтуынша, бала жолды рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтпек болғаны сотта дәлелденді. Онымен қоса, айыпталушы баланы қаққаннан кейін, көлігін тоқтатып, оған көмек көрсетіліп жатқанына көз жеткізіп барып жолын жалғастырған. Сондай-ақ Чой Хак Се айыпталушы Қазақстанның құқыққорғау органдарына өз еркімен берілгенін атап өтті.

Айта кетсек, жол апаты былтыр 16 қыркүйекте болды. Кейін Оңтүстік Кореяда баланы қаққан 20 жастағы қазақстандық Павлодарда жүргені мәлім болды. Ол Қазақстанға қашып кеткен. Ал қазан айында қазақстандық жігіт тергеу шараларына қатысу үшін Сеул қаласына өз еркімен ұшып келді. Ол Чангвон қаласының тергеу изоляторына қамалды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер