Жаңалықтар тізбегі
0

"Кеттік, кеттік, көтер" – Fokker-100 экипажының апат алдындағы соңғы сөздері

liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2020 22:37 liter.kz
Сағат 07:20:53-те әуе кемесі оңға қарай қисая бастады, командир "Что такое?" дейді.

Fokker-100 экипажының апат алдындағы соңғы сөздері туралы бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қара жәшіктің жазбасы болған жағдайды ретімен қалпына келтірді.

07:20:02-де әуеге көтерілу басталды.

07:20:41 жылдамдық 140 торап, экипаж алдыңғы шассиді көтеруді бастады.

В 07:20:45 – жылдамдық 148 торап, ұшақ жерден көтерілді.

- Жолақтан көтеріле салысымен ұшақ кілт төмендеп, біресе солға, сосын оңға екі рет қисайды. Экипаж кеменің алған бағытын сақтап қалу үшін басқару органдарын кері итереді. Нәтижесінде ұшақтың негізгі шассиі мен сол жақ қанаты жерге тиді, - деді премьер-министрдің орынбасары.

Екінші пилот ұшақ жерден көтерілгеннен кейін 10 секунд өткенде ұшуды тоқтатпақ болған, ол қозғалтқыштардың режимін азайтты. Алайда 4-5 секундтан кейін ұшақ жұмысының режимі қайтадан 93-95 пайызға дейін көтеріліп, ұшу жалғастырылды.

07:20:53-те әуе кемесі оңға қарай қисая бастады, командир "Что такое?" дейді.

07:20:54 екінші пилот "не знаю, что такой, стабилизатор, былапыт сөздер.

- Осы сөздермен бірге екінші пилот қозғалтқыш жұмысының режимін азайтқан, - деп жалғастырды Скляр

07:20:57 екінші пилоттың бұл әрекетін байқаған командир "не нужно, что ты делаешь" дейді. Командир қолғалтқышты қайтадан жоғары режимге аударды. "Поехали, ушли, ушли" дейді.

07:21:04 командир "убирай шасси" деген команда береді.

- Одан кейін ұшақ 6 рет құйрығымен, 4 рет негізгі шассимен және 1 рет қанатымен жерге тиеді. Ұшақ қауіпсіздік жолағына шығып кетіп, ұшу-қону жолағының 38 шамын қақты, - деп оқып берді.

07:21:15-те 5 метр биіктікте шассиді жинау басталған.

- Одан кейін ұшақ фюзеляжымен жерге құлап, сырғанады. Ұшақ алғаш рет құйрығы мен қанатының консолімен жолаққа соғылғанда кеме конструкциясына зақым келді. Авиациялық техниканың істен шығуы мен ұшақ жүйесі, қозғалтқыштардың штаттан тыс жұмысы анықталған жоқ, - деп қосты Роман Скляр.

Татьяна Ковалева, Нұр-Сұлтан

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: