Жаңалықтар тізбегі
0

Тараздағы жаңа шағын аудан тұрғындарының тілегі орындалды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2020 01:04 zakon.kz
Уақытша қосылымның тұрақты жалғануының салдарынан екі үйде техникалық ақаулар табылып, ол электр энергиясының ажыратылуына әкеп соққан. Қазіргі таңда бұл ақаулар қалыпқа келтірілді.

Жуырда БАҚ беттерінде Тараз қаласындағы жаңа 15 шағын ауданындағы №21, 22 кредиттік үйлердің электр энегргиясы мен газға қосылмағандығы туралы ақпарат жарық көрген болатын. Осыған орай аталған жайт облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей бақылауына алынып, бірден шешімін тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Нақтырақ айтсақ, тұрғындардың тілегі орындалып, 10 қаңтар күні аталған үйлер электр энергиясына толық қосылды. Бұл орайда, уақытша қосылымның тұрақты жалғануының салдарынан екі үйде техникалық ақаулар табылып, ол электр энергиясының ажыратылуына әкеп соққан. Қазіргі таңда бұл ақаулар қалыпқа келтірілді. Айта кету керек, бұл тұрғын үйлерге бұған дейін ыстық су, жылу, ауыз су жүргізілген.

Ал көгілдір отын мәселесіне келер болсақ, ҚР Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы №673 бұйрығымен бекітілген газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі бойынша талаптардың 443 тармағына сәйкес газбен жабдықтау үй ішіндегі пәтерлердің жалпы санының кемінде 80 пайызын құрауы тиіс. Яғни, "КазТрансГазАймақ" АҚ талаптарына сәйкес үйдің тұрғындарының сексен пайызы қоныстандырылмай газ берілмейді. Ал нақтылы кезеңде аталған екі үйге барлығы 7 отбасы ғана қоныстанған.

Айта кетейік, шаһардағы құрылысы қызу жүріп жатқан аталған жаңа шағын ауданда өткен жылы барлығы 1300 пәтерлі 26 көпқабатты тұрғын үй бой көтерсе, ағымдағы жылы 29 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: