Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Елбасы: Экономикадағы ахуал жаман емес

Біз жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткіздік - Мамин.

Сурет : Елбасы сайты10 Қаңтар 2020, 22:29

Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Елбасына Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуал және халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынылды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Бес институционалдық реформаны іске асыруға бағытталған "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын сапалы орындаудың маңыздылығына назар аударды.

– Экономикадағы ахуал жаман емес. Қазір "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын тиянақты жүзеге асыру маңызды. Орындалған міндеттер бар, бірақ ерекше мән беруді қажет ететін орындалмаған мәселелер де қалып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Асқар Мамин 2019 жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізген экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері және ұлттық экономиканы одан әрі нығайту жөніндегі жоспарлары туралы мәлімет берді.

– Ел экономикасы тұрақты дамып келеді. Біз жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткіздік. 2019 жылдың нәтижесі бойынша ЖІӨ өсімі 4,5 пайызды құрады. Негізгі драйверлер – құрылыс, көлік, сауда, байланыс салалары, – деді Премьер-министр.

Маминның баяндамасына сәйкес құрылыс саласының даму қарқыны 12,9%, сауда – 7,6%, байланыс – 5,2%, көлік – 5,1%, өңдеу саласы – 4,4%, тау-кен өнеркәсібі – 3,7% құрады. Ал халықтың табысы 5,5%, негізгі капиталға инвестициялар 8,5% өсіп, сауда айналымы 97 млрд долларды құрады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер