Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

"Астанаға" жаңа бас бапкер келді

Бас бапкер енді Михал Билек.

Сурет : "Астана" ФК13 Қаңтар 2020, 09:56

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек "Астана" тізгінін ұстады, деп хабарлайды zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Чехиялық маман алдағы күндері команданың бас бапкері ретінде ресми таныстырылады.

Чехиялық маманнан бөлек, бас бапкер ретіндегі кандидаттар тізімінде румын Дан Петреску, украиналық Мирон Маркевич, ресейлік Рашид Рахимов және словак Владимир Вайсс болған еді.

Билек "Астананың" бас бапкері міндетін 2018 жылдан бері атқарған украиналық Роман Григорчуктің орнын басты.

54 жастағы Билек жаттықтырған Қазақстан құрамасы Евро-2020 іріктеу кезеңінде он ұпай жинады.

Қазақстанға дейін Билек өз елінің бірнеше клубында, Чехия құрамасында және тбилисилік "Динамода" бас бапкер болған. Оның басшылығымен Праганың "Спартасы" 2007 жылы ел чемпионаты мен ел кубогын алды, ал 2003 жылы Чеихияның жастар құрамасы (19 жасқа дейін) Европа чемпионатында үшінші орын алды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер