Жаңалықтар тізбегі
0

Шашы ағарды. Түркіменстанда президенттің суреттерін ауыстыруда

azathabar.com (RFE/RL), сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2020 21:27 azathabar.com (RFE/RL)
Гурбангұлы Бердімұхамедов 2018 жылы жазда имиджін өзгерткелі бері, оның самайын бірден ақ шала бастаған.

Мары уәлаятында билік мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын басшыларынан президент суреттерін ауыстыруды талап еткен, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Аймақ билігі бұны мемлекет басшысы шашының түсі өзгергенімен түсіндірген.

Гурбангұлы Бердімұхамедов 2018 жылы жазда имиджін өзгерткелі бері, оның самайын бірден ақ шала бастаған.

"Президент суреттерін ауыстырмағандарға айыппұл салынатыны айтылған" деп хабарлады Азатлыктың Мары уәлаятындағы тілшісі.

"Президент ай сайын шашының түсін өзгертеді, билік бізден оның суретін алмастыруды әрдайым талап етеді" деп шағымданды мемлекеттік мекеменің бір қызметкері.

Тілші жергілікті дүкендерден президент суретінің бағасын анықтап білді.

"Сурет 10-нан 100 манатқа дейін сатылады".

Президент суретінің ең қымбаты 300 манатқа дейін барады.

Бұған қоса жергілікті билік мемлекеттік мекеме басшыларынан 2020 жылдың басты ұраны - "Түркіменстан - нейтралитет Отаны" деп жазылған плакаттарды ілуін талап етіп отыр. Мұндай плакаттардың бағасы да 100 манатқа дейін барады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: