Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қытайдан ет пен темекі, Өзбекстанға 91 бас тірі мал алып өту әрекеті кесілді

Ұсталған азаматтар тауарларымен бірге кедендік бекет қызметкерлеріне тапсырылды.

Сурет : ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі14 Қаңтар 2020, 17:27

Кеше Қорғас шекаралық бақылау жасағының "ШЫХО" шекаралық бақылау өткізу пунктінің шекара наряды 1973 жылы және 1997 туған ҚР азаматтарын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың бірі 12 қорапқа салынған, жалпы салмағы 264 кг үйрек етін, ал екіншісі қытайда жасалған "Милана" маркалы 300 блок темекені шекарадан заңсыз алып өтпек болғаны ұстауға себеп болған. Ұсталған азаматтар тауарларымен бірге кедендік бекет қызметкерлеріне тапсырылды.

Сарыағаш шекара жасағының "Қапланбек" шекаралық бақылау өткізу пунктінен бір түнде екі рет заңсыз жолмен тірідей 91 бас ірі қара малын алып өтпек болған 1986 жылы туған ҚР азаматы ұсталды. Аталған азамат бірінші рет 2020 жылғы 14 қаңтар күні 00.43 сағатта жүк көлігіне тиелген 60 бас ірі қара малын алып өтпек болады. Құжатында 29 бас көрсетілгендіктен шекарашылар жолын кескен соң, екінші рет 2020 жылғы 14 қаңтар күні 01.14 сағатта жүк көлігіне тиелген 31 бас ірі қара малын алып қайтадан өтпек болып шекарашыларға ұсталды. Екінші рет ұсталу себебі құжатында 26 бас ірі қара деп көрсетілген. Сарыағаш аудандық ветеринарлық қызмет мамандарына тапсырылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер