Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ельциннің мектеп жасындағы немересі тұрмыс құрғалы жатыр

Арадағы 13 жас айырма қос ғашықты еш алаңдатпайды.

Сурет : versiya.info14 Қаңтар 2020, 17:35

Ельциннің 17 жастағы немересі Мария Юмашева ресейлік футболшы, мәскеулік "Локомотив" командасының шабуылшысы Федор Смоловқа тұрмысқа шыққалы жатыр, деп хабарлайды 7days.ru.

30 жастағы футболшы Борис Ельциннің немересімен кездесіп жүргеніне ұзақ болған. Спортшы қыздың кәменлет жасқа толғанын асыға күтіп, оған бертінде көп алдында ұсыныс жасаған.

"Федор мен Мария Кариб теңізінде демалып жатқандарына бірнеше апта болды, демалыстағы суреттерін де желіде жиі бөлісіп жатыр. Суреттерден олардың бір-біріне ғашық, бақытты екенін көруге болады. Тіпті, қыздың кәмелет жасқа толмағанын да байқау қиын емес, әрине, біз Юмашева туралы айтып отырмыз. Ерлі-зайыптылардың айналасындағы адамдар Маша Смоловтың мектеп жасында екеніне мүлде алаңдамайды. Олар той келесі жылы болады деп отыр, өйткені Борис Ельциннің немересі сол кезде 18 жасқа толады. Ал Ресей заңдарына сәйкес, бұл жаста үйленуге рұқсат. Айтпақшы, Юмашева Австрияның да азаматы, бұл елде де 18 жасқа толғанда үйленуге рұқсат етіледі", деп жазды ресейлік басылым.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер