Ақтөбеде мүгедек қызды намаз оқитын туысы екі жыл зорлаған

видеодан кадр видеодан кадр
Облыстық сот істі прокурорларға қайтарып жіберіпті.

Сұмдық жайт! Ақтөбеде мүгедек қызды туысқан ағасы екі жыл қатарынан зорлап келген. ДЦП дертіне шалдыққан 28-жастағы қыз өзіне жасалған арсыз әрекетті әке-шешесіне ыммен түсіндіріп беріпті.

55 жастағы ер адам туыстарының сеніміне әбден кіргені соншалық, бойжеткенге ешкім жоқ кезде бас-көз боламын деген сылтаумен оның арына қол сұғып келген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Намаз оқиды, Құран оқиды. Адамды емдейді. Адамдарды емдейді. Қызыма да массаж істеді. Кім білген олай болатынын?".


55 жастағы айуан ағайынынан мұндай қорлықты көрмедім дейді жәбірленушінің анасы. Қызын зорлаған ер адам күйеуінің жағынан туысы болып келетінін айтты. Екінші топтағы мүгедек қызының бойында үрей барын қыркүйек айында байқапты. Әлгі айуан туысы келсе болғаны, қызы «кет, кет» деп ашуланып, өлтірем деп ымдайтын болыпты.

Жәбірленушінің анасы:

"Уже начала денесін ұстап, нетіп, осылай, я говорю что тебя трогал, да да говорит. И көрсетті қалай істегенін, не істегенін. Бәрін айта алмайды ғой. Көрсетті бәрін. 1 августа кухняда, стулда, силой взял ее короче, в стул посадил, свое дело сделал. Спереди взял. Вот так отвернул на другую сторону, сзади сделал".


Мүгедек қыз сөйлей алмаса да, сурдоаудармашының көмегімен қай бөлмеде, қалай зорлағанын егжей-тегжей көрсетіпті. Ал апталдай ер азамат болса, түк болмағандай, нағашысының қызымен тек бір рет ғана жыныстық қатынасқа түскенін айтқанда, анасы шыдамай кеттім дейді.

Жәбірленушінің анасы:

"Біздер делоны бердік, суд почему оны вернули обратно? Что не то? Значит они хотят снизить срок ему наверное. Он признался, что было один раз. Было. Но это же было не один раз. Это было неоднократно, много раз. Как қызым говорит, давно, много раз. Поэтому мы хотим справедливости. Чтобы посадили его, за то что он сделал. Мал, мал!!!"

Жәбірленген қыздың анасы айуанға әділ жаза кескенін талап етіп отыр. Облыстық соттағылар не себепті істің прокурорларға қайтарылғанын былай түсіндірді:

Айжамал Сүндет, облыстық соттың бас маманы:

"Зорлау" фактісі бойынша айыпталған 1966 жылы туылған азаматқа қатысты қылмыстық іс түсті. Соттың ағымдағы жылдың алтыншы қаңтардағы қаулысымен қылмыстық іс прокурорға қылмысық процестік заңнаманың бұзушылықтарына байланысты қайтарылды. Қаулы заңды күшіне енбеді".

Әділдік іздеген ана құзырлы органдар істің мән-жайын дұрыс тергеп, айуан ағайынына әділ жазасын беруді талап етіп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз