Тоқаев Президенттік жас кадрлар резервінің өкілдерімен жиын өткізіп жатыр

Ақорда Ақорда
Президент кадрлар резервіне өзінің жоғары кәсіби біліктілігін көрсетіп, мемлекет мүддесі үшін ынта-шынтасымен жұмыс істеуге деген ұмтылысын дәлелдей алғандар ғана өткенін баса атап өтті.

Ақордада Мемлекет басшысының Президенттік жас кадрлар резервінің өкілдерімен кездесуі өтуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Президенттік резерв өкілдерін Қасым-Жомарт Тоқаев қошеметпен қарсы алды.

- Президенттік жас кадрлар резервін құру туралы бастама менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттарының бірі болды. Оның қазақстандықтардың жастар арасынан қолдау тапқанына қуаныштымын. Білімді, патриот, еңбекқор жастар – еліміздегі прогресті және тұрақты дамуды алға жылжытушы негізгі қозғаушы күш, - деді кездесу барысында Тоқаев.

Ол кадрлар резервіне өзінің жоғары кәсіби біліктілігін көрсетіп, мемлекет мүддесі үшін ынта-шынтасымен жұмыс істеуге деген ұмтылысын дәлелдей алғандар ғана өткенін баса атап өтті.

- Сіздерді Ақордаға еліміздегі өзекті мәселелерді талқылауға шақырдым. Пайдалы пікір алмасу болады деп сенемін, - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Алдында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің басшысы Анар Жайылғанова іріктеу нәтижелері бойынша Президенттік жас кадрлар резервіне 300-ден астам жас қазақстандықтар қабылданғанын айтқан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз