Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қарғыс атсын! Ақтөбеде буындырып өлтірілген қыздың анасы сотта күйіп кетті

Марқұмның жақындары сот кескен жазаны азсынып отыр. Енді олар облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірмекші.

Сурет : kokshetau.asia17 Қаңтар 2020, 10:34

Ақтөбеде қалыңдығын буындырып өлтірген жігіт енді 10 жылын түрмеде өткізеді. 23 жастағы Бақыт Орынбасаровқа сот бүгін осындай жаза кесті. Бұл жазамен марқұм қыздың анасы келіспеді, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Үкімді тыңдауға марқұмның туыстарының барлығы жиналды. Олар "күйеу баламыз болады" деген жігіттің қандықол қылмыскерге айналғанына күйініп отыр. Оған ешқашан кешірім бермейтінін айтады. Сондықтан жарыссөз кезінде сотталушы жалынса да, жалғыз қызынан айрылған ата-ана судьядан қатаң жаза тағайындауды сұрады", - дейді телеарна тілшісі.

Айта кетсек, биыл ғана жоғары оқу орнын тәмәмдаған Әсем Эльбрусова сотталушымен бір жарым жыл бойы кездескен. Жақында құда түсіп үйленуді жоспарлапты. Ал осыдан бес ай бұрын қос ғашық жалдамалы пәтердегі кездесу кезінде сөзге келіп қалған. Ашуға булыққан Бақыт Орынбасаров қызды өз қолымен буындырып өлтірген.

"Осы қылмысы үшін он жылын түрмеде өткізуі тиіс. Бірақ мұны марқұмның жақындары азсынып отыр. Енді облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірмекші", - дейді тілші.

Анасы:

- Қарғыс атсын! Мен тоқтамаймын. Бұл саған аз. Қызымды ешкім қайтара алмайды. Қайда барамыз? Кімнен сұраймыз? Жалғыз қызымды өлтіріп, он жыл ғана алып отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер