Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Маңғыстауда 500 доллар пара алған шенді әйелге 5,5 млн теңге айыппұл салынды

Ол шетелдік жұмысшыларға виза жасап, оның мерзімін ұзартып беруге уәде еткен.

Сурет : arnapress.kz17 Қаңтар 2020, 11:05

Маңғыстау облысында шетелдік жұмыс күшін тарту департаментінің бастығы пара алды деп айыпталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін Маңғыстау облысының Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының шетелдік жұмыс күшін тарту бөлімінің бастығы Б.А.Көшімоваға қатысты "пара алды" деген күдікпен тергеу жүргізген болатын.

Ол осы аймақта жұмыс істейтін шетелдік азаматтарға жұмыс визасын кергісіз жасап беру және оның мерзімін ұзарту үшін шетелдік компания өкілінен 500 доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Ақтау қалалық сотының үкімімен Б.Көшімова пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 млн 698 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Үкім шағымдануға жатпайды әрі заңды күшіне енді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер