Нұр-Сұлтанда аудан әкімі ұсталды деген ақпарат шықты

astana.gov.kz astana.gov.kz
Әзірге бұл жаңалықты ресми растау немесе теріске шығару болған жоқ.

Желіде Нұр-Сұлтанның Байқоңыр ауданы әкімінің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл мәліметті өзінің телеграмм-каналында Ербол Еділов жариялады.

Кей мәліметтер бойынша, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Нұр-Сұлтанның Байқоңыр ауданы әкімі Асқар Есілов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, дейді ол.

Нұр-Сұлтан әкімдігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бермей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеді. Әкімдіктегілер ресми ақпарат күтуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз