Жаңалықтар тізбегі
0

Короновирусқа байланысты Қытай билігі 7 млн халқы бар Ухань қаласын карантинге жапты

dw.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2020 16:59 dw.com
7 миллион тұрғыны бар бұл қалада қоғамдық көліктер, әуежай және теміржол станциялары – бәрі жұмысын тоқтатты.

Қытай билігі пневмонияның өршуіне байланысты 23 қаңтар күні таңертең коронавирустың жаңа түрі шыққан жер – Уханьды карантинге толықтай жапты. 7 миллион тұрғыны бар бұл қалада қоғамдық көліктер, әуежай және теміржол станциялары – бәрі жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды dw.com.

- Белгілі бір себептері болмаса, тұрғындардың қаладан шығуына болмайды. Әуежай және теміржол вокзалдары жұмысы уақытша тоқтатылады, делінеді 22 қаңтар, сәрсенбіде таратылған Аурумен күрес жөніндегі жедел штабтың мәлімдемесінде.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда 600-ге жуық адам пневмонияның осы түріне шалдыққан, одан 17 адам қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қытай билігінің бұл қадамын 7 миллионнан астам халқы бар Уханды көлік қатынастарын шектеп, оқшау туралы шешімі «батыл қадам» деп атады. ДДҰ директоры Тедрос Адхан Гебрейюс Қытайдың өз халқы мен басқа елдердің тұрғындары үшін қауіп-қатерді азайтуға дайын екенін құптады.

ДДСҰ төтенше комитеті беймәлім пневмонияның өршуіне байланысты төтенше жағдай режимін жариялау-жарияламау керектігіне қатысты әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Бұл мәселе 23 қаңтарда тағы талқыланады. ДДСҰ сарапшылары вирус жұқтырған адамнан дерттің әрі тарауын әлі нақты байқамағанын, сонымен қатар, инфекцияның адамнан адамға жұғу белгілері тек Қытайда орын алғанын айтады.

Сонымен бірге әлемдегі бірқатар халықаралық әуежайларда Қытайдан, Таиландтан келетін рейстерді бақылау күшейтілді. Мәселен, қазір Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында осы бағыттағы рейстердің жолаушыларын тексеретін екі орталық жұмыс істеп жатыр.

Оқи отыңыздар: Қытайда тұратын қазақстандық әйел вирусқа байланысты онда не болып жатқанын айтып берді

22 қаңтарда Санкт-Петербургтегі Пулково әуежайынан ​​ыстығы көтерілген Қытай мен Ресейдің екі осы дертті жұқтырған деген күдікпен ауруханаға жеткізілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: