Жаңалықтар тізбегі
0

13 мың адамды тексердік! Бекшин Қытаймен арадағы шекарада не болып жатқанын айтты

ortcom.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2020 21:36 ortcom.kz
Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тәулік бойы байланысқа шығып, жағдайды үнемі қадағалап отырмыз.

Қазақстанда коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы арнайы баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды BaigeNews.kz.

- Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тәулік бойы байланысқа шығып, жағдайды үнемі қадағалап отырмыз. Шекарадағы бақылауды күшейттік. Ең алдымен, біз Қытайдан келгендердің барлығын қашықтықтан термометрлік бақылау жұмысын күшейттік. Қазақстанда Алматыға Қытайдың бес қаласынан адамдар келіп жатыр, сол секілді Нұр-Сұлтан қаласына үш қаладан келеді. Барлық өткізу жолдары бақылауда, соның ішінде Қытаймен шектесетін теміржол, автомобиль жолдары бойында санитарлық-карантиндік бекеттер бар, олар қашықтықтан термометриялық тексеру жүргізеді, - деді Бекшин.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 13 мыңға жуық адам мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде тексерілген, Қытайдан келгендер арасында дене қызуы көтерілген және ауру белгілері анықталған адамдар тіркелген жоқ.

- Бүгін біз Қытайдан ыстығы көтерілген науқастарды тіркеген жоқпыз, бірақ жіті бақылау әлі жүргізілуде, - деді Бекшин.

24 қаңтарда "Нұр-Сұлтан" және "Алматы" әуежайларында коронавирустық инфекцияға күдік бар науқасты анықтау жағдайында ведомствоаралық жаттығулар өткізу жоспарлануда.

Қазақстандықтарға Қытайдың Ухань қаласына бармауына кеңес беріледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: