Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-ның Абай ауданында "Ашық әкімдік" фронт-офисі ашылды

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2020 00:02 Баспасөз қызметі
Ауыл тұрғындары үшін маңызды "Ашық әкімдік" қоғамдық бақылау форматында да қызмет ететін болады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауы аясында Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігі ғимаратының бірінші қабатынан "open spaсe" форматында "Ашық әкімдік" фронт-офисі ашылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мекеме басшылары, аудан активтері және мемлекеттік қызметкерлер қатысқан орталықтың ашылу салтанатында ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бурхан Мұратов алдағы уақытта орталықтың атқаратын жұмысы мен қызметтерін түсіндіріп өтті.

- Орталықтың ашылуы халық пен биліктің арасын жақындататын көпір деп есептеймін, - деді салтанатты жиында аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров.

Ашылу салтанатының лентасын қию аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров пен Абай ауданының Құрметті азаматы республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер Байбота Төлеуғалиұлы және ұзақ жылдар аудан аппаратының басшысы қызметін жемісті атқарған Белібайұлы Мейрамбекке бұйырды.

Ауыл тұрғындары үшін маңызды "Ашық әкімдік" қоғамдық бақылау форматында да қызмет ететін болады. Егер, мәселенің шешілуі аудан басшысына оның орынбасарларының, бөлім, мекеме басшыларының қатысуын талап етсе, арызданушы бірінші қабатта ашылған арнайы бөлмеде қабылданады. Уақытты үнемдеп, бір орында бірнеше кеңес алу тұрғындар үшін қолайлы. Бұл азаматтардың өтініштерімен жұмыстың сапасын арттырады.

Кабинет ашық тереземен жабдықталған, ішіндегі адамдар сыртқа көрініп тұрады. Заман талабына сай QR –kod орнатылған арнайы стенд орналастырылған. Аталмыш стендте ауданда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау және өтініштерін қарау жөнінде ақпараттар алуға мүмкіндіктер бар. Ашық әкімдікте жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына (оның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалар) арналған сенім жәшігі орналастырылған. Ақпарат алудың шарттары мен тәртібі туралы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, күресу талаптары белгіленген нормативтік-құқықтық актілер орналасқан ақпараттық стенд бар.

Тұрғындарға арналып арнайы өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жабдықталған. Сонымен қатар, азаматтарды қабылдау жұмыстарын жүргізуге арналған аудан әкімінің қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс жасайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2020 00:02

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: