Жаңалықтар тізбегі
0

Бекшин Уханнан ұшып келген ұшақ жайлы: "Аяқтарының ұшы да тиген жоқ"

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2020 03:07 Pixabay
Жанар-жағармай құю кезінде ұшқыштар да, жолаушылар да ұшақ ішінде болған.

Уханнан ұшып шығып, жанар-жағармай құю үшін Алматыға қонған Қытай ұшағында қауіпті вирусты жұқтырған жолаушы болғаны туралы мәлімет жоқ. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Біз бұл ұшақ туралы біліп отырмыз. Онда қауіпті вирус жұқтырған жолаушының болғандығы туралы бізде ешқандай мәлімет жоқ. Ол, халықаралық алгоритм бойынша, біздің бақылауымызбен әуе-жайға келіп қонды, сөйтіп санитарлық тұраққа қойылды. Ол арада ұшаққа жанар-жағармай құйылды, ондағы бір де бір ұшқыштың, бір де бір жолаушының Қазақстан жеріне аяғының ұшы да тиген жоқ, - деді Бекшин.

Ол жанар-жағармай құю кезінде ұшақтың барлық мүшелері, оның ішінде ұшқыштар да, жолаушылар да ұшақ ішінде болғанын айтты.

- Зарарсыздандыру жүргізілді. Бұл, негізі артықтау шара болатын. Өйткені, егер ұшақ 12 мың метр биіктікте ұшса, ал онда ауа температурасы 60 градустан төмен, ондайда ешқандай вирус тірі қала алмайды. Бірақ, соған қарамастан, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шағын дезинфекция жүргізілді. Ұшақ апаттық жағдайда қонған жоқ, жанар-жағармай құю үшін жоспарлы түрде қонды. Жанар-жағармай құйылған соң - екі жарым сағаттан соң өзіне - Түркияға ұшып кетті, - деп түсіндірді бұл жайтты бас санитарлық дәрігер.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Алматы әкімдігінің шешімімен, күшейтілген санитарлық-карантиндік стандарттарға сәйкес жанар-жағармай құю үшін бір ұшақтың әуежайға қонғаны хабарланған.

Бұл Ыстамбұл-Ухань-Ыстамбұл бағытындағы TCCJ чартерлік рейсі болатын. Кейбір бейресми деректер бойынша, бұл ұшақта коронавирус жұқтырған жолаушы болуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: