Жаңалықтар тізбегі
0

Шығыс Қазақстанда коронавируспен күресетін жедел штаб жұмысқа кірісті

ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2020 17:04 ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Облыста вирусқа қарсы препараттардың қажетті қоры жеткілікті.

Өңір басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қытайдан шыққан коронавирустың таралуына жол бермеу үшін ШҚО-да жедел штаб құрылды. Өңірдің барлық медициналық ұйымдары жоғары дайындық режимінде жұмысқа кірісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Өңірде вирусқа қарсы препараттардың қажетті қоры жеткілікті, сондай-ақ 12 400 қорғаныш костюмдері, 670 000 респиратор және 7 млн. бірреттік маскалар бар. Күдікке ілінген, вирус жұқтырған адамдарды тасымалдайтын 2 жеке көлік капсуласын дайын. Тағы 4 капсулаға және Л-1 типті 18 қорғаныш костюміне өтінім берілді.

- ҚХР-мен біздің облыстың шығыс бөлігі шектеседі. 2 ақпанға дейін "Бақты" және "Майқапшағай" кеден бекеттері арқылы шекарадан өту тоқтатылды. Қазіргі таңда екі бағытта да азаматтар мен тауарлардың қозғалысын толық тоқтату мәселесі шешілуде. Шекаралық бекеттердегі санитарлық-бақылау пункттері тепловизорлармен жабдықталды. Бақты және Майқапшағайда 6 тепловизор бар. Семей және Өскемен әуежайларында жолаушыларды мониторингтен өткізу үшін үш тепловизор жұмыс істейді. Алдағы күндері "Ақтоғай" теміржол станциясын тепловизорлармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Қытай шекарасынан ары-бері өткен азаматтардың денсаулық жағдайы мұқият бақылауға алынған. Жағдай менің жіті бақылауымда, деп жазды облыс әкімі Даниал Ахметов Facebook-тегі парақшасында.


Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының аумағында коронавирус дерті тіркелген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: