Елбасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасын қабылдады

Елбасы сайты Елбасы сайты
Талғат Донақов Елбасыға судьяларды іріктеуде ашықтықты қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы айтып берді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің сот жүйесін реформалау және Ұлт жоспарындағы сот кадрларын іріктеу және дайындау бойынша шараларды жүзеге асыру жөнінде ақпарат берілді.

– Жоғары Сот Кеңесі сот мамандарын іріктеуді іске асырады. Бұл жұмыс объективті болуы керек. Судьялар нақты конкурсқа сәйкес іріктеуден өтуге тиіс. Олар білімді, адал болуы, адамдармен жұмыс істей білуі қажет, - деді Елбасы.

Өз кезегінде Талғат Донақов судьяларды іріктеуде ашықтықты қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы айтып берді.

– Жағдай өзгеріп жатыр. Судьяларға деген сенім артып келеді. Жұмыс барынша объективті және ашық жүргізілуде. Арнайы конкурстық комиссия құрылды. Оған судьялармен бірге, заң қауымдастығы өкілдері, HR-мамандары, тәуелсіз сарапшылар кірді. Қазіргі таңда соттарға баратын кадрлардың дайындығы жоғары, жауапкершілі мол, - деді Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз