Жаңалықтар тізбегі
0

Коронавирус туралы өтірік әңгіме соққан дәрігер ұсталды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2020 14:58 видеодан кадр
Жұртты шошытып, жалған ақпарат таратқаны жөн болмады.

Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында медицина қызметкерінің ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы көрінеу жалған ақпаратты тарату фактісі анықталды. Аталған факт ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тексеру іс-шараларын өткізудің алғашқы сағаттарында ер адамның жеке басы бейнежазбадан анықталды. Ол А. деген азамат, 1980 жылы туған, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасында дәрігер-гинеколог болып жұмыс істейді. Қазір ұсталды. Ол жалған ақпарат таратқанын мойындады,ол өкінетінін айтты. Қазір аудандық полиция басқармасы тергеу іс-шаралар кешенін жүргізуде, оның нәтижесінде қылмыстық іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Күдебаев.

Сонымен қатар, полиция жалған мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы еске салды.

"Көптеген жағдайларда кейбір азаматтар жалған мәліметтерді таратуға тыйым салынғанын білмегенін алға тартады. Бірақ, Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Бұл аксиоманы әркім білуі керек. Осыған байланысты жұртшылықты негізсіз үрей мен дүрлікпеу үшін мемлекеттік органдардың тек ресми хабарламаларын басшылыққа алуға және күмәнді көздердің ақпараттарын таратуға қатыспауға шақырамыз", - деп түйіндеді Серік Күдебаев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҚК-нің 274-бабының 2-бөлігіне сәйкес БАҚ және ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату 3 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: