Парақорлар туралы хабарлағандар 11 миллион теңгедей сыйақы алады

zakon.kz zakon.kz
Президенттің тапсырмасы бойынша сыйақы мөлшері сараланады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Алик Шпекбаев адал қазақстандықтарды ақшалай ынталандыруды ұсынады, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы хабарлағаны үшін азаматтардың ең жоғарғы сыйақысы 10,6 миллион теңгеден асады.

- Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды марапаттаудың жаңа жүйесі туралы қаулы қабылдады. Сыйақылар енді ЭЫДҰ елдеріндегі сияқты сараланатын болады. Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам сот үкімі шыққаннан кейін пара немесе залал сомасының 10%-ын ала алады. Сыйақының ең жоғарғы мөлшері 10 миллион 600 мың теңгені құрайды, - деді ол өз сөзінде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз