Қытайда коронавирустан тағы 57 адам көз жұмды

inbusiness.kz inbusiness.kz
147 адам жазылып, ауруханадан шығып кетті.

Қытайда өткен тәулікте коронавирус қоздырған пневмония расталған 2 829 жаңа жағдай тіркеліп, бұл аурудан 57 адам көз жұмды. Бұл туралы Синьхуа хабарлады, деп жазады kursiv.kz.

ҚХР-дың Денсаулық істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің деректері бойынша, олар жексенбіде провинциалдық деңгейдегі 31 әкімшілік бірліктен және Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусынан коронавирус қоздырған пневмония расталған жаңа 2 829 оқиғасы, сондай-ақ қаза болудың 57 жаңа жағдайы туралы хабар алған.

Комитет хабарлағандай, жексенбіде сырқаттан қаза болған 57 адамның арасындағы бір жағдай орталыққа бағынатын Чунцин қаласында орын алса, қалған 56 оқиға Хубэй провинциясында тіркелген.

Бұдан бөлек, 2-ші ақпанда коронавирустың жаңа түрін жұқтыруы мүмкін деген болжаммен 5 173 жаңа оқиға тіркелген, деп хабарлады комитет.

Белгілі болғаны, жексенбіде 186 адамның жағдайы ауыр деп бағаланса, өткен тәулікте барлығы 147 адам, сауығуына байланысты, ауруханадан шығарылған.

Жексенбінің соңына қарай, жаңа тұрпаттағы коронавирусты жұқтыру расталған жағдайлардың жалпы саны елдегі провинциалдық деңгейдегі 31 әкімшілік бірлік пен Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусында 17 205-ке жеткен, деп хабарлайды комитет. Осы дерттен барлығы 361 адамның көз жұмғаны айтылады.

Сырқаттармен тығыз байланыста болған 189 583 адам анықталған, олардың ішіндегі 10 055 адам жексенбіде медициналық бақылаудан босатылса, тағы 152 700 адам медициналық бақылауға алынды.

Жексенбіде түнге қарай Сянган, Аомэнь және Тайваньда коронавирустың жаңа түрі қоздырған пневмноияны жұқтырудың тиісінше, 15, 8 және 10 жағдайы тіркелген.

Бұған дейін Қазақстанның Қытайға гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екені туралы хабарланған болатын.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз