Жаңалықтар тізбегі
0

97 мыңнан астам отбасы АӘК тағайындауға құжат тапсырды

kursiv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2020 19:04 kursiv.kz
Өңірлер бөлінісінде өтініштердің ең көп саны Түркістан облысында – 20,3 мың отбасы.

2020 жылғы 3 ақпандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындауға өтініш 97,5 мың отбасынан қабылданды, оның құрамына 504,3 мың адам кіреді, оның ішінде 323,4 мыңы бала, деп хабарлайды zakon.kz.

Өңірлер бөлінісінде өтініштердің ең көп саны Түркістан облысында – 20,3 мың отбасы, Шымкент қаласында – 14,5 мың отбасы, Алматы облысында – 9,9 мың отбасы, Жамбыл облысында – 8,2 мың отбасы, Қызылорда облысында – 7,4 мың отбасы қабылданды.

Өңірлерде 2,6 мыңнан астам учаскелік комиссия жұмыс істейді. Олар жүргізген зерттеу нәтижелерін ескере отырып, АӘК 46,8 мың отбасыға немесе 236,5 мың адамға тағайындалды. АӘК тағайындауға өтініш берген отбасылардың материалдық жағдайын тексеру жұмыстары жалғасуда.

Өңірлер бөлінісінде ең көп тағайындау саны Алматы облысына – 6617 отбасы, Шымкент қаласына – 5992 отбасы, Жамбыл облысына – 5427 отбасы, ШҚО – 4437 отбасыдан келеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша АӘК тағайындау тетігі оның айқындылығын, әділдігін және еңбекке ынтасын қамтамасыз ету мақсатында түзетілді. Мемлекеттік көмектің жаңа шаралары кешенді түрде іске асырылуда және оған: көпбалалы отбасыларды қолдау, жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмек, табысы аз отбасыларындағы балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтама кіреді.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент балалары бар көпбалалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Бұл мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына қарамастан 42 496 теңгеден 74 388 теңгеге дейін сараланған мөлшерде төленеді. Осындай төлемді ағымдағы жылғы қаңтарда жалпы сомасы 17,7 млрд.теңгеге 367 мың отбасы алды.

Табысы аз отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көзделген. АӘК тағайындау үшін басты критерий – отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірдің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен болуға тиіс. Отбасының барлық мүшелері үшін АӘК мөлшері жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. АӘК ашықтығын қамтамасыз ету үшін ол тоқсан сайын тағайындалатын болады, ал отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу мерзімі 3 күннен 7 күнге дейін ұлғайтылады. АӘК тағайындау кезіндегі маңызды талаптардың бірі жұмысқа қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті түрде қатысуы болып табылады. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде көпбалалы және табысы аз отбасыларға үйде жұмыс істеу үшін де, өз ісін ашу үшін де кең мүмкіндіктер беретін жаңа тетіктер көзделген.

Бұдан басқа, АӘК алатын табысы аз отбасылардың балаларына кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынылатын болады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін әлеуметтік топтамаға азық-түлік жиынтығы мен тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы кіреді. 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін мектептерде ыстық тамақ, оқу құралдары мен мектеп киімдерін беру көзделеді. Сондай-ақ, осы санаттағы балалар үшін мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтелетін болады. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.

Айта кету керек, АӘК көрсетудің жаңа тетіктерінің енгізілуіне байланысты республикалық және жергілікті бюджеттерден табысы аз және көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға арналған қаржыландыру көлемі ұлғайтылды. 2020 жылы бұл мақсатқа 326,9 млрд теңге бөлінді (республикалық бюджеттен – 279,9 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 46,9 млрд теңге). 2019 жылы АӘК төлеуге 244,2 млрд теңге бөлінді.

Жаңа тәсілдерге сәйкес ақшалай және заттай түрдегі әлеуметтік қолдау мөлшері табысы аз және балалар саны көп отбасылар үшін көбірек болады. Бұл ретте отбасының әрбір мүшесіне АӘК төлеу сомасы орташа есеппен 10 мың теңгені құрайды, ал табысы жоқ отбасыларда әлеуметтік көмек тағайындау үшін белгіленген критерийден толық көлемде – өңірлік күнкөріс деңгейінің 70%-ы. Осылайша, табысы аз отбасылар, көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны есептемегенде, әр балаға орташа есеппен 20 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек алатын болады. Оның 10 мыңға жуығы – АӘК-тің ақшалай төлемі, 10 мыңға жуығы – заттай түрдегі кепілдік берілген әлеуметтік топтама.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: