Түркістан облысында судья пара алып жатқан жерінен ұсталды

ҚР ҰҚК ҚР ҰҚК
Тергеу жүріп жатыр.

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаев пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-02/1580799770_96.jpg

"Атап айтқанда, А.Рахымбаев сотталушының жазасын жеңілдетуде заңсыз жәрдем көрсеткені үшін елеулі мөлшерде пара алған. 2020 жылғы 31 қаңтарда Түркістан қаласында А.Рахымбаев пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталып, жасаған қылмысын толықтай мойындады. Пара алу фактісі сондай-ақ жасырын тергеу іс-қимыл материалдарымен дәлелденеді (аудио, бейнетіркеу)" делінген хабарламада.

ҚР ҰҚК органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 2-бөлімі, яғни "Пара ал" бойынша сотқа дейінгі тергеуді қолға алды.

Тергеу жүріп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз