Дариға Назарбаева Дүниежүзілік банкпен бірлескен ынтымақтастықты талқылады

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Дүниежүзілік банктің аймақтық директоры Қазақстанда қабылданған салықтық реформалардың нәтижесі мен салықтық жеңілдіктердің тиімділігін зерттеуді ұсынды.

Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Дүниежүзілік банкінің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчукті қабылдады. Аталған шараға Парламент Сенатының депутаттары, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің арасындағы бірлескен ынтымақтастықты дамыту бағыттары талқыланды.

"Біз қазір экономикалық сұрақтарға ерекше мән берудеміз. Бүгінгі таңда Сенат ел экономикасы дамуын жеделдету, адамдардың табысын арттыру және мемлекет бюджетінің табысты бөлігін ұлғайту жолында алаңдаулы", - деді Д. Назарбаева.

Өз кезегінде, Лилия Бурунчук бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін айта келіп, Дүниежүзілік банк талдау және әкімшілік мониторингтік жобалар, бюджет табысының көлемін арттыру және қаражатты ұтымды қолдану шараларына ерекше назар аударатынын мәлім етті.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-02/1581409731_56.jpg

Сонымен қатар, Дүниежүзілік банктің аймақтық директоры Қазақстанда қабылданған салықтық реформалардың нәтижесі мен салықтық жеңілдіктердің тиімділігін зерттеуді ұсынды. Одан бөлек, Л. Буручук Дүниежүзілік банкі тарапынан агроөнеркәсіптік кешен саласы, транзит әлеуеті және жасыл экономиканы мониторингілеу мүмкіндігі туралы айтты.

Кездесу нәтижесінде екі жақ экономикалық процесті ұзақмерзімді бақылау методологиясы, қолданыстағы статистиканы талдау және бағдарламаларды зерттеу бойынша консультация алмасуды одан әрі жалғастыруға келісті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз