Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан: жастар ағылшын тілін тегін үйренуде

Облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2020 05:22 Облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі
Қазір орталықтағы курста 30 оқушы екі кезеңге бөлініп тіл үйреніп жатыр.

Еріктілер жылына орай Түркістанда "OPEN ENGLISH" жобасы бастау алды. Қоғамдық даму басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығы қолға алған жобаның аясында жастар ағылшын тілін тегін үйренетін болады. Тіл үйрететін ұстаз да ерікті ретінде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Жобаның ашылуында Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Амалбек Өміртай бәсекеге қабілетті маман болу үшін шет тілін меңгерудің маңыздылығын түсіндірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2020 05:22

Жастар біздің болашағымыз. Жақсы маман болып қалыптасуы үшін қолдау көрсетіп, кең көлемде жағдай жасауымыз қажет. Еріктілер жылындағы "Білім" жобасы аясында жастарға ағылшын тілін үйретіп, компьютерлік сауаттылықты жетілдіруге көмектесу мәселелеріне назар аударып отырмыз. Жобаға қатысуға ниетті жастарға есігіміз әрдайым ашық – деді А.Дәркенұлы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2020 05:22

Білікті оқытушы Әлімжан Бекболатов Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеттің түлегі, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ – дің магистранты. "Ағылшын тілі" мамандығын меңгеріп, кейіннен Еуропада, Америкада білімін жетілдіріп келген. Қазір орталықтағы тіл үйрету курсының жетекшісі. Сапалы білім беріп, білікті ұстаз атанған оқытушыны жастар да арнайы іздеп келеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2020 05:22

Мен жастар орталығында ағылшын тілін үйрететін орталықтың бар екендігін есітіп келдім. Мұнда барлығы тегін екен. Қазір білімімді жетілдіріп жатырмын. Болашақтар аудармашы болғым келеді – дейді Назерке Есмырза.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2020 05:22

Қазір орталықтағы курста 30 оқушы екі кезеңге бөлініп тіл үйреніп жатыр. Баршасыда жастарға қолдау білдіріп, үлкен көмек беріп отырған басшыларға алғыстарын айтуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: